2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша балалар орталықтарының қызмет көресту құны былтырғы маусыммен салыстырғанда 6,2% өсті.
- Бәрінен бұрын Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда 20,8% өскен.
- Антилидер үштікке Атырау (плюс 14,6% және Қызылорда (плюс 14%) облыстары да кірген.
- Ең аз өсім Павлодар облысында – 0,7%. Алматы мен Жамбыл облысында бұл қызметтердің бағасы өзгерген жоқ.
Қазақстанда бірінші тоқсанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің жалпы көлемі 150,7 миллиард теңге болған – плюс 31,5%. Қызмет көрсету көлемінің басым бөлігі мемлекеттік кәсіпорындарға – 87,9 миллиард теңге, жеке компанияларға – 62,4 миллиард теңге тиесілі,- делінген хабарламада.
Былтырғы осы кезеңде сала бойынша қызмет көрсету көлемі 114,6 миллирад.
Өңірлік тұрғыда ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді: 21,6 миллирад теңге – бір жыл бұрынғыдан бірден 51,6% артық.