Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

Есеп бойынша, 2022 жылғы тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанады. Сонымен қатар Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі, — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.