Алматы жәрмеңкесінде арзан қант сатып алуға болады

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз турында жәрмеңкеге қосымша қант жеткізілетіні хабарланды.

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Омаровтың айтуынша, әкімдіктің жәрмеңкелерге қосымша қант жеткізу пилоттық жобасы 16 шілдеде басталған.

Халықты қантпен қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қолданып жатырмыз. Үй жанындағы дүкендер мен жәрмеңкелерге қант жеткізіп жатырмыз. Жәрмеңкеде көтерме бағасы келісіне 500 теңгеден болса, бөлшек саудада келісі 530 теңге. Әлеуметтік дүкендерде қанттың көтерме бағасы 500 теңгеден сатылады. Дүкендер қантты 15%-дан аспайтын үстеме бағамен сатуға міндеттеледі,- дейді ол.

Өткен аптада жәрмеңкеде 7,5 тонна қант сатылыпты.

23-24 шілдеде қант қалалық бес жәрмеңкеде сатылады. Жалпы шілде айында жәрмеңкелер мен дүкендерге 100 тонна қант жеткіземі,- дейді Басқарма өкілі.