Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарының мына көшелері мен тұрғынжай аумақтарында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су өшіріледі:
- 25-29 шілде аралығында — Бехтерев — Жұмабаев — Кассина — Шереметьев;
- 25 шілдеден 15 тамызға дейін — Көкжиек ықшамауданы — Геологов — Первомай мұнай базасы.
Ведомство мәліметінше, шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.