Президент әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығы бойынша полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Абай облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов таныстырды, — делінген хабарламада.
Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі.