Басты бетЖаңалықтарҚазақстан алғаш...

Қазақстан алғаш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алды

Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3 000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті.

Қазақстан өкілі Нора Джеруто жарыстың негізгі фавориттерінің бірі болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт ішінде жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.

Бұған дейін іріктеу жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.