Азия жеңіл атлетика қауымдастығы Ольга Рыпакованы қызметке алды

Жеңілатлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Азия жеңіл атлетика қауымдастығы спортшылары комиссиясының мүшесі атанды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан Ольга Рыпакованың тағайындалуы туралы хабар келіп түскен. Комиссия құрамына мына тұлғалар еніп отыр:

комиссия жетекшісі — Андрей Абдувалиев (Өзбекстан);

Ван Ю (Қытай);

П.Т.Уша (Үндістан);

Ольга Рыпакова (Қазақстан),

Ли Хуп Вэй (Малайзия);

Саад Шаддад (Сауд Арабиясы).

Азия қауымдастығының бас хатшысы А Шуггумарран ұйым төрағасы Дахлан әл-Хамадтың атынан Қазақстан спортшысын жаңа қызметімен құттықтады.

Сізді өзімен бірге терең білімі мен тәжірибесін алып келеді деп үміттенеміз және Азия жеңіл атлетикасының дамуы мен табысқа жетуіне одан әрі үлес қосуыңызды асыға күтеміз, — делінген хатта.

Осымен Азия құрлығы жеңіл атлетика қауымдастығы құрамына Қазақстанның екі спортшысы енді. 15 шілде күні Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков қауымдастықтың жарыстарды өткізу жөніндегі комиссиясының мүшесі атанған.