Ерік Төленов пен Әлинұр Хамзин «Славян базары» байқауының лауреаты атанды

Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» — телерадиокомпаниясының «Песня — Путь к содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сонымен бірге Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. Ал 12 жастағы Әлинұр Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.

Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентаудағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы Mozart халықаралық шығармашылық фестивалінің және Welle-music wave халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, The Voice of Kazakhstan танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы дүниежүзінің ең үздік The Voice шоуларының қатарына енді.

Ерік Төленов
Ерік Төленов. Фото: ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Әлинұр Хамзин 2010 жылы Оралда дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-класында және №1 музыка мектебінде оқиды. Кейінгі 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі Junior Eurovision байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сонымен бірге ол әртүрлі тележоба мен конкурстың лауреаты.

Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзин
Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзин. Видео скрині