ҰБТ-дан 139 балл алған үшінші талапкердің де нәтижесі жойылды

Өкінішке қарай ҰБТ-2022 бейнежазбаларын қайтадан тексеру барысында ең жоғары 139 балл жинаған тестіленушінің ереже бұзғаны белгілі болды. Сәйкесінше, оның нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Өткен жазбаларымның бірінде 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесін жойғанымызды хабарлаған болатынмын. Ал бұл – тіркелген үшінші жағдай. Енді ең максималды балл – 138, оны 4 талапкер жинады. Төртеуінің де нәтижесін тексеру жұмысы жалғасып жатыр,- деп жазды ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр аномалды жоғары балл (+20 балдан +80 балға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижесі ерекше бақылауда екенін ескертті.

Еске салайық, биылғы ҰБТ кезінде 139 балл алып ең жоғары нәтиже көрсеткен үш талапкердің екеуінің нәтижесі жойылған болатын.