Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жолаушылар...

Елімізде жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі

Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты.

Тек өткен демалыс күндері 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам қаза тапты. Яғни, жол жағдайын ескеріп, еліміздегі жолдарда адамдардың қаза болуы, жарақат алуы, мүгедек болып қалуы салдарынан ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйғарды. Жол-патрульдік қызметтің барлық экипаждары осы шараны өткізуге барынша жұмылдырылған. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Осы жол апаттарын талдау нәтижесінде көргеніміздей, мысалы, бес орын қарастырылған жеңіл автокөлікте – жеті-сегіз адам, бес ересек және екі-үш бала қаза тапқан, — деді Жандос Мұратәлиев ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.

Оның айтуынша, жол-патруль полициясының түнгі уақыттағы жұмысы күшейтілген, себебі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қараңғы түскенде жиілейді.

Сонымен қаатар демалыс кезінде автокөлік жолдарында қозғалыс көбейеді. Қызметкерлер түрлі себептер бойынша автокөліктерді тоқтатқанда жүргізушілердің әсіресе түнгі уақытта мұқият болуы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бірқатар жол апатын тексергенде тежегіш ізінің жоқтығы анықталғанын, бұл жүргізушілердің көлікте ұйықтап кеткенін білдіретінін айтты. Осы себепті кейінгі уақытта 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Сондықтан, көлікті тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушінің жай-күйіне – сапарды жалғастыра алатынына, көліктің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, жолаушылар санына және басқа да мәселелерге назар аударад,- деді Жандос Мұратәлиев.