Басты бетҚоғамЭкология министрі...

Экология министрі биыл еңбек демалысына шықпайды

Ол бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

еңбек демалысына шықпайтын болдым, осындай жоспар болды, қазір енді жұмыс істеуіміз керек, сондықтан еңбек демалысынан бас тарттым. Екі апта демаламын деген жоспар болды, —  деді ведомство басшысы.

Министр демалысты келесі жылы қарастыратынын айтты.

Айта кетейік, ведомство басшысы сонымен бірге «Президенттен сөгіс алғаннан кейін отставкаға кетесіз бе?» деген сұраққа да жауап берді. Ол мұны президент шешетінін айтты.

Еске салайық, 14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды. Президент киіктер санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.