Қазақстанда сүт бір жылда 22% қымбаттады

2022 жылдың маусым айында сүттің бағасы 2,4%, жыл басынан бері 17,2% және бір жыл ішінде 21,5% өсті. Салыстыру үшін: 2021 жылы бағаның жылдық өсімі небәрі 9,5% болған.

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында сұйық өңделген сүт пен кілегей өндірісі 235,3 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7% аз. Бұл алты жылдық үздіксіз өсімнен кейінгі дәл осы кезеңдегі алғашқы құлдырау, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар зерттеушілер сүт пен кілегей өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына ғана тиесілі екенін нақтылайды.

Өндірістің ірі көлемі  Ақмола облысы (34,2 мың тонна), Қостанай облысы (28,5 мың тонна) тіркелді.