Алматы шекара бақылау басқармасы мен қаланың көлік-авиациялық прокуратурасы жыл басынан бері 8 000 000 миллион доллардан асатын валютаны Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаруға тосқауыл қойды, – делінген хабарламада.
Осы орайда шекара қызметі президенттің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы жарлықтың бірінші тармағына сәйкес, 10 000 доллардан асатын шетелдік валютаны Қазақстаннан шығаруға болмайтынын еске салды.
Осы талап 14 наурызда енгізілген болатын. Оған сәйкес, алтын құймалары мен монеталарды шығаруға тыйым салынып отыр. Заң бойынша 10 мың доллардан астам валютаны алып шықпашқы болған адамдар әкімішілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, — делінген хабарламада.
Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, жеке тұлағаларға 15 АЕК (45,9 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оған қоса, соттың шешімімен ақша мен тауарлар тәркіленеді.