Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздк комитеті мәлімдеді.

2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз