Александр Бублик АҚШ-тағы теннис турнирінің финалына шықты

Қазақстан теннисшісі Александр Бублик австралиялық Джэйсон Кублермен ойнады. Кездесу бір сағат он минутқа созылды және Александр Бубликтің пайдасына  6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Бублик ATP рейтингінде 42-орында, ал Кублер 102-орында тұр.

Финал ертең, 18 шілдеде өтеді, онда қазақстандық америкалық теннисші Максим Крессимен ойнайды.

Бублик карьерасында ATP турнирінің финалына алтыншы рет шығып отыр.