Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 42-ден 37-орынға көтерілді.

Сонымен қатар Михаил Кукушкин 166-дан 161-ге жоғарыласа, Дмитрий Попко 184-тен 195-ке, Тимофей Скатов 207-ден 231-ге түсті.

Дүниежүзілік рейтингте көшбасшы өзгерді. Ресейлік Даниил Медведев бірінші ракетка атанса, сербиялық Новак Джокович үшінші орынға түсіп қалды. Екінші сатыға германиялық Александр Зверев орналасса, испаниялық Рафаэль Надаль үздік төрттікті түйіндеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 41-орынға түсіп қалды. Александр Недовесов 64-тен 61-ге жоғарыласа, Александр Бублик 184-сатыға төмендеді.