Басты бет Жаңалықтар Головкиннен өлердей қорқамын — Дэниел Джейкобс

Головкиннен өлердей қорқамын — Дэниел Джейкобс

Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) наурыз айында өтетін Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы айқасқа әлемдегі ең қорқақ адам ретінде дайындалып жатқанын айтты. Ол жай ғана қауіптенбей, шын мәнінде қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Алайда Дэниел Джейкобс Геннадийдің жанкүйерлеріне ерте қуанбауға кеңес берді.

«Әрине, бұл менің мансабымдағы ең қауіпті айқас, нағыз шың. Мен одан өлердей қорқамын. Кім қорықпайтын еді? Алайда, мен адам және спортшы ретінде бұл қорқынышты басты қаруыма айналдырамын. Бұл мені табанды түрде жаттығуыма және өзімді жеңуіме, адам айтқысыз жетістіктерге жетуіме итермелейді», — деді Дэниел Джейкобс.

«Мен адам немесе жауынгер ретіндегі Головкиннен емес, осы күнге дейін айналған адамнан қорқамын», — дейді ол.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен америкалық боксшы арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йоркте өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version