Басты бет Жаңалықтар Головкиннен бәрі рингке шықпай-ақ жеңіліп қалады — Дэниел Джейкобс

Головкиннен бәрі рингке шықпай-ақ жеңіліп қалады — Дэниел Джейкобс

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA/WBC/IBF чемпионы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңу үшін психологиялық күштің маңызды екендігін айтты. Өз жеңісіне барлық Нью-Йорк күш береді дейді ол. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Головкинмен кездесу менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Головкиннің қуаты — менің басты мәселем болып отыр. Бірақ менің де өз артықшылықтарым бар. Головкиннің фанаттары қаншалықты көп болса да, мен үшін жанкүйерлік ететін бүкіл Нью-Йорк бар. Барлық боксшылар Головкинмен рингке шықпай тұрып одан психологиялық тұрғыда жеңіліп қалады деп ойлаймын. Сондықтан мен тек физикалық тұрғыда ғана емес, ментальдық тұрғыда да дайын болуым керек. Мен бар күшімді пайдаланып оны жеңуім керек. Бұл бір керемет кеш болғалы тұр», — дейді Дэниел Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Сондай-ақ, осыған дейін Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша екені хабарланған болатын. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр — 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны — 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version