Қазақстанда «Базз Лайтер» мультфильмін көрсетуге тыйым салынды

Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді, — деп жазды Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, «Базз Лайтер» – мультфильмдегі басты кейіпкер, яғни астронавт есімі. Мультфильм 6 жастан асқан көрерменге арналған. Картинаның қоғамда қызу талқылануына ондағы екі әйел кейіпкердің бір-бірімен сүйісуі себеп болды.

Қазақстандықтар мультфильмнің көрсетілуін тыйым салуды талап етіп, қол жинады. Қазақстаннан бөлек, бұл мультфильмнің көрсетілуіне 14 елде тыйым салынған.