Басты бетЖаңалықтарӘлихан Смайылов:...

Әлихан Смайылов: Қазақстан тауарларының экспорты 59% өсті

Әлемде қарқын алып келе жатқан геосаяси шиеленіс халықаралық өндірістік, көлік әрі логистикалық тізбектердегі алшақтықты күшейтіп отыр. Энергия ресурстары мен азық-түлік тауарларына бағаның жаппай өсуі байқалуда. Көптеген елдерде инфляция рекордтық деңгейге жетті. Мысалы, АҚШ-та және Еуропалық одақта шамамен 9% құрады, — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, халықаралық валюта қорының 2022 жылы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша болжамы 3,6% дейін төмендеп, қайта қаралды.

Еліміздің макроэкономикалық көрсеткіші оң нәтижені көрсетіп отырғанына тоқталған үкімет басшысы: «Биылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4% құрады. Тауар өндірісі 4,1%, қызмет көрсету саласы 2,1% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде (+5,8%), құрылыс (+9,2%), сауда мен көлік салаларында (+6,2%) өсімнің жоғары қарқыны болды, — деді премьер министр.

Оның сөзінше, осы жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы сыртқы сауда тауар айналымы 41%, 51 миллиард АҚШ долларын құрады.

Экспорт 59%, оның ішінде өңделген тауар экспорты 35% өсті. Жалпы, оң сауда балансы 2,6 есеге артып, 17,1 миллиард АҚШ долларын құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6% өсті, — деді Әлихан Смайылов.