Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.
Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды. Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Ресейге келген соң шектеулі адамдар тобымен байланыста болған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару). Инкубациялық кезең – 5-21 күн. Науқаста дене қызуының жоғарылауы, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы байқалады. Аурудың ұзақтығы — 2-3 апта.