Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар жиі...

Қазақстандықтар жиі пәтер сатып ала бастады

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметінше, мәмілелердің саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр ( 4 410 және 3 850 шарт). Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы – 686.

Шығыс Қазақстан (-11%), Атырау (-9,1%), Батыс Қазақстан (-7,4%), Қарағанды (-5,4%) және Маңғыстау (-4,3%) облыстарында мәмілелер саны төмендеген.

Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, онда барлығы 21 388 мәміле жасалған. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Маусымда 8,2 мың 2 бөлмелі, 7,4 мың 1 бөлмелі пәтер рәсімделді. Жеке үйлер бойынша 9 631 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді өзге аймақтарға қарағанда Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек сатып алады, — делінген хабарламада.

Биыл маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы жылдың маусымымен салыстырғанда 42,6% кеміді. Ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді – 64,8%.