Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
13 шілде сағат таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды, – делінген хабарламада.
Шектеулер жылу желілерін жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.