Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді.
Оның айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.
Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ, — деді Юрий Польский.
Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде тарихи жеңіске жеткен болатын.