Алтай Көлгінов: ЛРТ табыс әкелмейтін жоба

Көп ақша жұмсалды және жоба аяқталған жоқ. Оны бәріміз білеміз, айтып та жүрміз. Өкінішке орай, осындай проблема бар. Иә, бұл жоба табыс әкелмейді. Бұл — қосымша субсидияланатын қоғамдық көліктің түрі. Бірақ келешекте ол көлік дәлізіміздің жүктемесін төмендететін болады. Адамдар оны пайдалана бастаған кезде әлеуметтік жобаға айналады. Яғни, оны бизнес жоба ретінде қарауға болмайды. Табыс әкелмейді. Оның тарихын, қандай проблемалар болғанын, қанша қаражат жұмсалғанын ескерсек, сарапшылардың пікірінше, жобаны соңына дейін аяқтап, қоғамдық көлік ретінде қолданысқа беру мақсатқа сай келеді. Экономикалық тұрғыдан пайда болмайды. Ал әлеуметтік тұрғыдан қоғамдық көлік ретінде пайдаланылады деп ойлаймыз, — деді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар қала басшысы ЛРТ жобасына қарызға алынған қаражатты 5 жылдың ішінде қайтару керектігін атап өтті.

Мұның үстіне жобаны аяқтау үшін қосымша қаражат та қажет. Бірақ, ол жобаның бастапқы кезеңінде көзделген қаражаттан аз. 1 миллиард доллардың жартысы керек, — деді елорда әкімі.