Алматыда елорда күні қалай тойланады?

5 шілдеде Алматыда астана күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Елорданың 24 жылдығына орай қаланың бірқатар ауданында шағын концерттер өтті. Сонымен қатар кітапханалар мен мұражайларда тақырыптық көрмелер мен лекциялар өткізілді.

6 шілдеде сағат 11:00-де №4 кітапханада (Абай даңғылы, 141) «Жарқырап, жайнай берші, астана» атты ревю өтеді.

Mega Park сауда орталығы аумағында «Жас қала – астана» мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт өтеді.

Басты қалалық мереке Абай алаңында, Республика сарайы алдында өтеді. Сағат 20:00-ден бастап ашық аспан астындағы сахнада 101 тобы, Парвиз Назаров, КешYOU тобы, Үркер тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.

8 шілдеде сағат 14:00-де «Аяла» әлеуметтік орталығында «Жаңа дәуірдің астанасы» бейнекруизі өтеді.