Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов хабарлады.
Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Тек бір адам жарақат алды. Тағы бір демалушыға иіс тиген. Қалғандары тек оқыс оқиғадан есеңгіреп қалған, — деді Дмитрий Титов.
Қазір өрт орнында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жүр. Өрт зертханасының қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтап жатыр.