Министр: Әзірге шетелден келетіндерге ПТР-тест тапсыруды міндеттемейміз

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы вирус жұқтырған адамдардың эпидемиология анамнезіне қарағанда, 5% ғана шетелден келген немесе шетелдегі адамдармен қарым-қатынаста болғаны айқындалды. Сондықтан бүгінгі таңда бұл ауру ел ішінде таралып отырғаны белгілі болды. Сол себепті әзірге шетелден ПТР-тестпен кіргізу талабын қарастырып жатқан жоқпыз,- деді Ажар Ғиният.

Министр елдегі бүкіл денсаулық сақтау ұйымдары коронавируспен күресуге дайын екенін жеткізді.

Мамандардың болжамынша, осы айдың ішінде аурудың өсімі байқалады. Сараптама жүргізіп қарасақ, коронавирус былтыр да, оның алдыңғы жылдары да дәл осы айларда өскен. Яғни, инфекциялық аурулардың маусымдық өсімі болған. Біз барлық сценарийге дайынбыз. Бұған дейін тәулігіне 16 мыңнан астам ауру тіркелген кездер болған, біз оны да еңсердік. Қазіргі кезде тәулігіне 187 жағдай тіркеліп отыр, — деді министр.