Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Түркістанда өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы аяқталды. Мұны Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.

Президент ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсынды. Оның сөзінше, құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді.

Ұлттық құрылтай туралы бастаманы қолдағандарыңызға баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Біз бүгін құрылтай жұмысының негізгі бағдарын айқындадық. Бұл құрылым демократия құндылықтарын орнықтыруға зор үлес қосары сөзсіз. Құрылтай жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды. Біз жыл сайын тұрақты түрде кездесіп тұрамыз. Қазақ даласында ел тағдыры шешілген тарихи орындар аз емес. Ұлытаудан бөлек, Ордабасы, Мәртөбе, Күлтөбе сияқты қастерлі жерлеріміз бар. Мен келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынамын. Құрылтайдың әр аймақта өту сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады, — деді Тоқаев.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз