2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас статусын алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды, — делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) Өзбекстаннан, 10,4% — Қытайдан, 7,4% — Түрікменстаннан, 3,2% — Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды.
Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:
- Алматы облысы (31,6%),
- Маңғыстау облысы (18,3%),
- Түркістан облысы (9,8%),
- Жамбыл облысы (6,3%),
- Алматы (5,7%),
- Нұр-Сұлтан (7,1%),
- Шымкент (8,1%).
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны — 24,1% және зейнеткерлер саны — 13,9%.
Ведомство мәліметінше, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4% жоғары білімді, 40,3% орта кәсіби білімді, 47% жалпы орта білімді және 1,6% білімі жоқ.