Басты бетҚоғамӨзбекстан-Қазақстан өткізу пункті мен теміржол уақытша жабылады

Өзбекстан-Қазақстан өткізу пункті мен теміржол уақытша жабылады

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбек әріптестерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» — «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытындағы теміржол қатынасы да тоқтауы мүмкін, — делінген ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде.

Осыған байланысты аталған өткізу пунктері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраған. Өткізу пунктерінің жұмысы қайта басталғанда Өзбекстан тарапынан қосымша хабарландыру жасалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да