Басты бетҚоғамТүркі мемлекеттері...

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кездесуі өтті

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесуде энергетика, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі, терроризм қатеріне қарсы іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға еліміздің атынан ҚР президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Ол Қазақстанның өңірлік қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемаларды шешуге қатысты ұжымдық тәсіл қалыптастыруға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асыратынын айтты.

Еліміз халықаралық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосатын үлесін арттырып, өнімінің негізгі түрлерін жеткізуде олқылықтарға жол бермеу мақсатымен халықаралық көліктік-логистикалық бағыттарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ауған аумағынан тарайтын терроризм мен экстремизмнің өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретіні туралы талқыланды.

Кездесу соңында делегация басшыларын Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қабылдады. Ол Түркі мемлекеттері ұйымының барлық қатысушыларымен арадағы өзара қарым-қатынасына тоқталды.