Басты бет Жаңалықтар Түркіменстан «ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер» қатарына енуі мүмкін

Түркіменстан «ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер» қатарына енуі мүмкін

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Түркіменстанды "ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер" тізіміне қосуды ұсынды. Бұл туралы АҚШ-тың әлем елдеріндегі діни сенім еркіндігі жөніндегі комиссиясы (USCIRF) хабарлады, деп жазады Centralasian.org.

USCIRF — АҚШ үкіметінің тәуелсіз кеңес беруші органы. Мекеме әлемде дін еркіндігінің сақталуына бақылау жасап, АҚШ Конгресіне, президентіне және мемлекеттік хатшысына саяси кеңес береді. Комиссияның 2016 жылға арналған есебі өткен аптаның соңында жарияланды.

Есепте Түркіменстан үкіметі «діни ұйымдарға тіркеуге қатысты қиын талаптар қойып, олардың қызметіне қатаң бақылау жасайды, тыйым салады және тіркелмеген ұйымдардың қызметі үшін қатаң жазалайды» делінген. Сол себепті Түркіменстанды «ерекше алаңдаушылық туғызатын елдер қатарына қосу» ұсынылған.

Атап айтқанда, комиссия АҚШ билігіне Түркіменстан үкіметіне қысым көрсету арқылы, елдегі ар-ұждан тұтқындарын босатуды талап етуін кеңес ретінде ұсынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version