Басты бет Жаңалықтар Ангела Меркель АҚШ-ты неге сынға алды?

Ангела Меркель АҚШ-ты неге сынға алды?

Германия канцлері Ангела Меркель Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың босқындар мен жеті мұсылман елінің азаматтарын АҚШ-қа баруына тыйым салатын жарлығын «қателік» деп атады. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Канцлердің пікірінше, терроризммен күресті күшейту үшін адамдардың шығу тегі мен діни сеніміне күмән келтіруге ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт 29 қаңтарда мәлімдеді.

Зайберттің айтуынша, босқындар мәртебесі туралы Женева конвенциясына қол қойған мемлекеттер соғыстан қашқан адамдарға адамгершілік танытып, оларды қабылдауды міндетіне алды.

Германия канцлері Меркель АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, оны G20 тобының саммитіне шақырды. Саммит биыл шілде айында Гамбургте өтеді.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version