Басты бетЖаңалықтарАнтикор кәсіпкерден...

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. Топ кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің басшылығына бермек болған парасын талап еткен.

25 маусымда осы адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы — «ТТ» және Smith&Wesson маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сонымен қатар қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді. Ведомство мәліметінше, қорытынды шешім сотта анықталады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.