Конституциялық нормаларға сәйкес, есеп комитеті мүшесінің өкілет мерзімі 5 жыл. 2017 жылы 29 маусымда есеп комитетінің мүшесі болып сенаттан Ахметов Рашит Сайранұлы тағайындалған болатын, — деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Осы орайда Рашит Ахметовтің аталған қызметтегі өкілет мерзімі аяқталып отыр. Сенат регламентіне сәйкес, бюроның шешімімен қаржы және бюджет комитеті өзінің қорытындысын әзірледі.
Талқылаудан кейін сенаторлар Рашит Ахметовтің өкілетін тоқтату туралы шешімді қабылдады.