Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы сайланды

Комитеттің төрағасы қызметіне сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынамын. Нариман Төрағалиев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген, мамандығы – экономист. Батыс Қазақстан облысының бірқатар шаруашылықтарында жемісті жұмыс істеді. Орал әкімі болды. 2017 жылы алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып сайланды. Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы. Біз Нариман Төрағалиевті іскер ұйымдастырушы, талапты жетекші, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Азаматтық ұстанымы жоғары, әлеуметтік-мәдени және ғылым саласына қатысты мәселелерге барынша жетік, — деді сенатор Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында.

Палата депутаттары дауыс беру арқылы әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын қолдады.

Сонымен қатар бүгін жалпы отырыста аталған комитеттің бұрынғы төрағасы Бейбіт Исабаевқа сенаттың «Құрмет грамотасы» табысталды.