Басты бетЖаңалықтарҚазақ өнеріндегі...

Қазақ өнеріндегі жұлдызды жұптар

  • Әрине, махаббат тақырыбын сөз еткенде қазақтың Төлегені мен Жібегі алдымен ойға келеді. Ең алғаш дәл осы аты аңыз болған фильмнің түсірілімінде танысқан Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова бүгінде нағыз махаббаттың символындай ортамызда жүр.

Қыз Жібек пен Төлеген

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова

  • Түсірілім алаңында танысқан тағы бір жарасымды жұп Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова. Актер, режиссер Досхан Жолжақсынов пен әнші, актриса, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменованың отасқанына 30 жылға жуық уақыт өтті. Махаббаттары мәңгі ертегіге айналған жұп Құнанбай қажы мен Ұлжанды да сомдап шықты.

Досхан Жолжақсынов

  • Әрдайым шетелге бірге саяхаттап, сахнада да бірге өнер көрсетіп жүретін жұлдызды жұптың бірі — Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева. Композитордың сүйікті жарына арнаған әндері көп болса, оның барлығын Нұржамал ханымның репертуарынан таба аласыз. «Сезім мен сарқылмас сыйластықтың сыры неде?» деген сауалға Төлеген мырза: «Нұржамал — менің музам» дейді.

Жұлдызды жұп

  • Бүркіт пен Аишаны білмейтіндер жоқ шығар?! Үш мәрте үйлену туралы ұсыныстан бас тартып, артынан өзі үйленейік деп ұсынған Аиша қазақ сахнасындағы қыран жігіттің сүйікті жары, балаларының анасы. Қазір әнші жігіт Кубадан келген қызға қазақша үйретті, екеуі бірге қазақ тілінде ән салады.

Қыдырәлі мен Қарақат

  • «Асыл жарым» деп ән шырқайтын Мирас пен Құралайды да өнер табыстырған. Өнегелі отбасы бүгінде көпбалалы ата-ана атанып отыр.

Мирас пен Құралай

ДереккөзToiduman.kz