Болманов Айжан

«Осыдан мың жыл бұрын… Былай қарасаң, күні кеше… Екеуміз де студентпіз… «Құласаң – нардан құла» деп мен Халықаралық «Азия дауысы» байқауын жоспарлап жүрген кезім, ал Жанар аты Алты Алашқа жайылған, (рейтингі) «танымалдылық» деген сұмдық рекорд ұрып тұрған кездер… Ол кезде қала ма, аудан ба, ауыл ма, бәрібір, күніне 3-4 концерт… Қанша концерт болса да адам сыймай, атақты «Битлз» тобы келгендей билет таппай, абыр-сабыр болып жататын Жанардың (кейде тырысып қалатыны болмаса) мінез-құлқы, сөз шалысы, ашық-жарқындығы, ибалы, имандылығы, ақылы, білімі – тектілігі болар, Жанармен таныса сала достасып кеттік…» — деп бастайды Болманов әңгімесін.

Бір жылдары Қыдырәлі Болманов Жанар Айжанованың концерттеріндегі үзілістерде ән шырқап жүргенін жасырмады: «Содан бір күні Жанар «концерттерге менімен бірге жүрші, әрі ұйымдастыру жағынан қажетсін» деп, Жанар демалып, киімін ауыстырғанда мен сахнада гитарамен бірнеше ән айтатынмын… Жанар концерттің екінші бөлімін айтып жатқанда есеп-қисабын жүргізіп, бәрін хаттап, қағаздап қоятынмын».

Бұдан кейін Қыдырәлі Болманов Жанар Айжанова екеуі арасындағы ерекше достыққа куәландыратын құпияларды ашты: «Қонақүйде бір үлкен номерге екеуміз бірге түнеп, түнімен «видик», небір Шварцнеггер, Брюс Ли, Джеки Чан деген нешетүрлі «киноларды» қарайтынбыз… Таңды таңға ұрып… Соны қарап отырып, кейде құшақтасып ұйықтай салатынбыз… Бірақ қасымда қыз бала жатыр-ау, былай қылсам қалай болады деп бірде-бір рет басымды қатырмаппын… «Бота көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді» деген… Сен де көзіңді сүзбепсің… 2 жылдан астам бірге жүрдік, ақ адал бір нанды бөлісіп жедік. О, Алла, жасымыз жасымыз жалындаған жиырманың о жақ, бұ жағы… Соған қарамай, ардан аттамадық, арамызда адалдықтан өрбіген абырой қалды. Алла куә! Бұл да бір бақыт екен…».

Сөз соңында әнші бұл әңгімесін жастарға үлгі болсын деп әңгімелеп отырғанын айтты: «Сен Ана болдың! Аллаға сансыз мадақ, мен әке болдым! Жастарға үлгі болсын деп тоқталдым».

Жанар Айжановаға ақ тілегін жаудыруды да ұмытпады: «Сенде бәрі бар, мінез де, жан-жақты талант та, ақындық та, композиторлық та, Алла сақтасын, ел шетіне жау тисе, әйелмін деп қарамай, қолыңа найза алып, тікелей жауға шабар батырлық та бар… Ар да бар, ұят та бар, иман да бар! Ең бастысы, «Өнер алды — қызыл тіл» дейтін қазақпыз сөзден түйін түйетін шешендік қасиетіңді ерекше бағалаймын. Алла осының бәріне бақыт, ұзақ ғұмыр, екі өмірдің абыройын қосып берсін! Игі ниетпен: досың Қыдырәлі Болманов+Қарақат Болманова» деп жазды әнші.

17 пікір

  1. Мен бірінші рет, жақында көрдім Қыдырəліні. Таңшолпан бағдарламасына көрермен ретінде барып едім. Оның жақсы адам және жақсы əке екенін бір ақ көрініс дәлелдеп берді. Кіші ұлын ертіп келген екен. Асып салып студияда ойнап жүрген бала еді. Қыдырəлі сұхбат беріп болып, əнге кезек берген уақытта ұлына диванды нұсқап, жай ғана ана жерге барып отыр деп еді, асып салып жүрген бала, үнсіз ғана барып отырып əкесінңң өлең айтқанын қарап отырды. Ана жерде оның жасындағы басқа бала басқа, əке болса білмим……….

  2. Бурынгының тусініктері баскаша болган. Шынайы әңгіме болмаса жариялап кайтеді. Шынымен де бакытты кундер екен.

  3. Казакка ешнарсе жакпайды осы.Неге бирден жаман нарсе ойлайсыздар.Кыдырали ага улги болсын деген ниетпен жазды.

  4. Жалпы Қыдырәлі жақсы азамат екені барлығымызға аян. Оның от басына, жолдастарына деген көз қарасы таң қалдырады. Мына өткен өмірі расында қазіргі жастарға үлгі, улкен тәрбие. Жанар да адуынды қыздардың бірі, достықтарың жалғаса берсін! Шығармашылық табыс тілеймін! Қыдыржан Жанар екеуің бірігіп ән кешін өткшзсеңдер қуана бара едік.

    • Даке, шам шағып тұрдыңба не орталарында. олай айтпа ұят болад. жәй ғана періскен десей.

  5. Даке уят болды гой. Сондай ангыме неге керек. Сен ушын уялып отырмын елдын алдында. Кудай ушын кешырым суранышшы елден.

  6. кыдырали жаман адам! В свое время, в 1994 году в программе “Тамаша” по центральному телевидению присвоил песню Кайрата Жунусова “Карындасыма” и пел эту песню, и сделал себе имя. К…. одним словом!

  7. Оларға өнерді бір алла берді. Текті адамдарға титтей жаман сөз тигізбеңдер.Барлық қазақта тектілік болу керек еді.Сондай сөзді ойына алып, жазып отыргандар қазақ емес, нағыз тексіздер!

  8. Даке! Нагыз қазақтарда тектілік болады! Өз еліңнің өнер адамдарына тіл тигізсең, өз сана-сезіміңнің төмендігінен хабар бердің. Оларды қорғау- өнерді сүюшілік деп ойлаймын

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!