Go Viral фестивалінің волонтеры Тайыр Қаранеев жаңашыл адамдардың идея алмасатын шарасын қимай тұр. Өйткені бұл өміріндегі ғажапқа толы үш күн болыпты.

Тайыр Қаранеев
Тайыр Қаранеев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Керемет фестиваль, бүгін бітетіні ғана өкінішті. Қатысушылар жарқын жүзді, бәрі көңілді жүрді, белсенді болды. Волонтерлармен өте жақсы қарым-қатынас жасады, — дейді ол.

Тайыр бұл шарада медиа командасында волонтер болған. Фестивальдің Instagram-дағы парақшасына фото, видео түсіреді, оны өңдейді. Кейін SMM-бөлім оның жұмысын әлеуметтік желіге бөліседі.

Тайыр Қаранеев
Тайыр Қаранеев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы биылғы фестивальде 50-ге жуық волонтер жүрді. Олардың көпшілігі оқушылар мен студенттер. Go Viral-дың Тәжікстандағы амбассадоры Манижа Бабақұлова волонтерлар фестивальден баға жетпес тәжірибе мен нетуоркинг алғанына сенімді.

Фото: Даниил Емельянов

Фестивальдің үшінші күні қазақ және орыс тілдеріндегі уоркшоп, презентация, ойындардан басталды. Factcheck.kz порталының тілшісі Жансерік Тілеухан қатысушыларды жалықтырып алмау үшін фактчекинг тақырыбын ойын арқылы түсіндірді. Ал Әйгерім Қатаева IT cаласында әйелдерің карьера жасау жолдары туралы айтты.

Түсте қатысушылар бір уақ фестиваль өтіп жатқан КИМЭП аумағынан шығып, Достық даңғылының бойымен жүрді. Archcode Almaty ұйымының өкілі экскурсия жасап, Алматыдағы урбанизм туралы айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Экскурсия кезінде қатысушылар «Қазақстан» қонақүйінің тәжі туралы тың ақпаратты естіді. Archcode Almaty қызметкері әуеліде қонақүйге тәж қою жоспары болмағанын, мұның лифті шахтасын көрсетпеу үшін жасалған шешім екенін айтты.

«Қазақстан» қонақүйі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал дәл осы кезде «Ашхабад» залында подкастинг жазатындардың кездесуі өтіп жатты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Подкастерлер Әйнел Әмірхан, Заңғар Омар, Азамат Махамбет қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кейбірі сонда отырғандардың қызық оқиғасын жазып алды.

Заңғар Омар
Заңғар Омар. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Әйнел Әмірхан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Азамат Махамбет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

OY-DETOX подкастының авторы Әйнел Әмірхан Алматыда өтетін іс-шараларға жиі барады. Ол биылғы Go Viral фестивалінде осыған дейін үнемі кезіктіріп жүрген адамдарды емес, жаңа бейнелерді көргенін айтады.

Кейінгі бірнеше жылда пандемияға байланысты шаралар азайды, сол себепті Go Viral фестиваліне көп адам келмейтін шығар деп ойлап едім. Бір байқағаным — қатысушылар дайындықпен келген екен. Бағдарламаны қараған, танысқан. Бәрі сұрақ қойып, белсенді болды, — дейді ол.

Әйнел бүгінгі мастер-класта қатысушыларға ең басты ойы — қымбат смартфон мен микрофонды күтпестен подкаст жазуды бастау керегін жеткізген.

Көпшілігі подкаст жазуды бастай алмайтынын байқаймын. Өйткені сапалы микрофон немесе диктофон, қымбат смартфон керек деп ойлайды. Бүгін де осыны талқыладық. Ал менің қағидам — қолында смартфоны, айтар ойы мен  идеясы бар адамдар ештеңені күтпей подкаст жаза беру керек. Сын міндетті түрде болады. Ал контентіңіз қызық болса, жоғарыдағы айтылғандар кейінгі орынға ығысады, — дейді ол.

Әйнел Әмірхан
Әйнел Әмірхан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral фестивалі қатысушыларына тағы бір мүмкіндік — Networking wall. Бұл — өзіңізбен пікірлес адамдармен байланыс орнатуға, жұмыс іздеуге немесе оны ұсынуға болатын қабырға.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Үш күн бойы тұрған қабырғаға фестиваль қатысушылары визит карта шаблонын толтырып, өзіне керек тұсқа іліп кеткен.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бір ереже: визитканы жыртып алуға болмайды, тек суретке түсіруге керек. Өз дерегін қалдырғандар бұған келісім де береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фестивальдің алғашқы күні нөсер жауын жауса, кейінгі екі күні аптап ыстық, қапырық болды. Алайда Алматының әртүрлі құбылатын ауа райы қатысушылардың артистермен бірге ән айтып, билеуіне кедергі болмады.

Жүргізушілер мен артистер қатысушыларды қатты ыстықтан сергітіп алу үшін бөтелкедегі суды шашты. Соның бірі — әнші Jordan. Ол Димаш Құдайбергеннің командасында жұмыс істейді.

Jordan
Jordan. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бөтелкедегі суды өзіме және билеп тұрғандарға шашып жібергім келді. Өйткені өте ыстық болды. Соған қарамастан, қатысушылар бәрібір сахнадан алыс кетпеді. Қошеметтеді, қолдады. Бұл одан әрі шабыттандырды, — дейді Jordan.

Jordan
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ағаш, университет ғимараты көлеңкесін паналап тұрғандар бір кезде алаңның ортасына қарай жақындады. Өйткені жүргізушілер Ninety one тобының сахнаға шығатын хабарлаған еді.

Ninety one
Ninety one. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстандық бойз-бенд бірнеше хит әнін орындады. Ал фестивальдің қатысушылары мен қонақтары олармен бірге ән айтып, биледі.

Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

 

Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ninety one
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Биыл фестивальге «Шеврон» компаниясы, MOST бизнес-инкубаторы, Батырхан Шүкенов атындағы қор, WeProject интернет басылымы, Baribar.kz порталы, Econetwork, «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмдердің байқауы, Obscura компаниясы және American Space & MakerSpace Almaty қолдау көрсетті.

Тағы оқыңыз: Go Viral. 2-күн: робототехника, quiz және зерттеу журналистикасы

Go Viral. 1-күн: жаңбыр, кэнселинг және Орталық Азия жастары

Жаңа білім мен нетуоркинг. Go Viral 2022 фестиваліне не үшін бару керек?