Басты бет Жаңалықтар Гитлердің «сыңары» тұтқындалды

Гитлердің «сыңары» тұтқындалды

Австрияда Адольф Гитлерге еліктеп, соған ұқсауға тырысқан 25 жастағы жігіт тұтқындалды. Ер адамға нацизмді насихаттады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Өзін Гаральд Гитлер деп таныстырып жүрген жас жігіт Гитлердің туған қаласы Браунау-ам-Инндегі үйінің қасында суретке түскен.

Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, ұсталған ер адам таяуда Германиямен шекарадағы қалашыққа көшіп келіпті. Ал бұған дейін оны Вена мен Грац қалаларында көргендер бар.

Полицейдің айтуынша, жас жігіттің бұл әрекеті қалжыңнан тым алыс, әртістік өнер де емес. Ол бұған шындап барып отыр.

Күні кеше австриялық сайттардың бірінде Гитлерден аумайтын, мұрты бар ер адамның суреттері таралды.

Австрияда нацизмді дәріптеу, насихаттау қылмыс саналады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version