Басты бет Жаңалықтар Гитлер туған үй тәркіленеді

Гитлер туған үй тәркіленеді

Австрия парламенті Адольф Гитлер дүниеге келген үйді мемлекет мүддесі үшін тәркілеуге рұқсат береді. Олар бұл үйді неонацистер қасиетті орынға айналдырмас үшін тәркілеп алмақ.

1889 жылы Адольф Гитлер өмірге келген үй Браунау-ам-Инн қаласында орналасқан. Қазір ол үйге Герлинда Поммер иелік етіп отыр. Үйді заңмен тәркілеп алғаннан кейін, Поммерге өтемақы төленеді. Алайда, ол үйді сатудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Автрияда бұл үйдің мәселесі бірнеше жылдан бері талқыға салынып келеді. Ішкі істер министрі Вольфганг Соботка үйді сүру керек десе, тарихшылар үйді құрту елдің тарихын жоққа шығарумен тең дейді.

Айта кетейік, Адольф Гитлердің ата-анасы бұл үйде бірнеше апта ғана тұрған. Адольф дүниеге келгеннен кейін басқа ауданға көшеді. Ал ол үш жасқа толғанда Браунау-ам-Иннан біржола қоныс аударады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version