Серік Қожаниязов экология вице-министрі қызметінен босатылды

Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет қаулысымен Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды,- делінген хабарламада.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылордада дүниеге келген. Кузбасс политехникалық институтын, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппараты индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары — Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары — Қызылорданың әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР премьер-министрінің кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2014-2019 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз