Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі, – деді президент.
2022 жылғы 20-26 маусым аралығында «Союз Жаса» қоғамық қоры Петропавл қаласынан 40 жетім балаға Алматыға алғашқы саяхатын ұйымдастырады.
Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, туған табиғатын танып білуге және қорғауға, қоғам игілігі үшін еңбек етуге ынталантырып, ел бірлігін нығайтуға ұмтылу.
Жобаның негізгі қаржыландыруы меценаттар — Асербеков Омар, Владислав Заплетин, Лукьянчук Денистің көмегімен жүзеге асырылады.
7 күн ішінде балалар мұражайларға, ұлттық саябақтарға барады, білім беру бағдарламаларына қатысады, бағдарламалау бойынша семинарларға қатысады, табысты және танымал адамдармен кездеседі. Жобаға танымал блогерлер мен TikToker-лер қатысады.
Бұл жобаны тұрақты түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр және Қазақстандағы балалар үйі институтын кезең-кезеңімен жоюды көздейді.