Тоқаев партия қатарынан шыққанын тағы еске салды

Мен референдумға дейін партия қатарынан шықтым. 5 маусымнан кейін бұл шешім конституциялық нормаға айналды. Мемлекет басшысы барлық саяси күштен дербес тұруы керек. Президенттің әрбір іс-әрекеті тек мемлекет мүддесіне арналуға тиіс, — деді ол Ұлытаудағы ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында.

Еске салайық, 26 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шықты және төраға өкілетін тоқтатты.

Тоқаевтың сөзінше, президенттің партияға мүше болмау қағидасы сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады.

Сол күні мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болды.