Басты бетЖаңалықтар"Қазтеміртранс" филиалының...

«Қазтеміртранс» филиалының директоры жүйелі түрде пара алып отырған

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алып отырғаны белгілі болды.

Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 19 мамырда президент кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Жиын барысында Тоқаев бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін айтып, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екендігіне баса назар аударған еді.