Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, — делінген жарлықта.

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келіп, 1992 жылдың 29 ақпанында қайтыс болды. Шәмші Қалдаяқов артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырды.