Қазақстанда жаңа көліктер бір жылда 12% өсті

Алайда Қазақстан жолдарында жүрген ескі көліктер әлі деп көп: автопарктің жартысындағы көліктердің жүргеніне 20 жылдан асып кеткен.

Жасы 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктер жыл басында жалпы парктің 63,4%-ін құрады. Бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 64,5% еді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ке аз, 2,4 миллион автокөлік.

Бұл ретте жаңа автокөліктердің үлесі (үш жылдан аз) бір жыл бұрынғы 12%-тен 13,6%-ке жеткен. Яғни, 516,8 мың көлік.

Жалпы Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны бір жылда 1,9% азайып, 2022 жылдың басына қарай 3,8 миллионды құраған.