Синоптиктер 14-16 маусымдағы ауа райын болжады

Синоптиктер батыстан келе жатқан келесі антициклон республика аумағына ауыса бастайтынын мәлімдеді.

Қазақстанның барлық өңірлеріне жаз келді. Батыстан келген антициклон еліміздің аумағына жазғы ауа-райын әкеліп, күн жылынады. Кейбір аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстікте де күн жылынады, – делінген хабарламада.

Ертең елордада көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады деп болжанды. Күндіз +20, түнде +12 градус жылы. 15 маусым күні күндіз +22, түнде +10 градус. Ал бейсенбі, 16 маусым күні күндіз 25 градус жылы, түнде плюс 10.

Алматыда 14 маусым күні жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз +32, түнде 18 градус жылы. Аптаның сәрсенбісінде көшпелі бұлтты, күндіз +32, түнде +17 градус. Ал 16 маусым күні көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +30, түнде плюс 16.

14 маусымда Шымкентте күндіз +34, түнде +18. Сәрсенбіде +35, түнде +18 градус. 16 маусым күні де күндіз 35 градус, түнде 18 градус ыстық болады деп күтіледі.