Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты

1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Биыл мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 163,2 миллиард теңге бөлінді.

Елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 246 мыңнан асты.

1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге болды.